Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек келесі жекпе-жегін наурыз айында Алматы қаласында өткізеді, деп хабарлайды prosports.kz

Екінші жеңіл салмақтағы WBC Youth белбеуінің иегері , бірінші рет чемпиондық атағын қорғайтын болады. Әзірге Сұлтанның қарсыласы белгісіз. МТК Kazakhstan Наурыз мейрамының қарсаңында Алматыда көрермендерге керемет бокс кешін сыйламақ.

Сұлтан соңғы кездесуін де Алматы қаласында өткізген. Ол кездесуде қытайлық боксшыны техникалық нокаутпен жеңіп, мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық боксшы әзірге жеңіліс дәмін татып көрмеген.