Американың Филадельфия қаласында өткен бокс кешінде басты жекпе-жекте америкалық Джулиян Уильямс пен Джейсон Росарио кездесті, деп хабарлайды prosports.kz

Бұл кездесуде Уильямс алғашқы рет чемпиондық белбеулерін қорғады.Өкінішке орай бірінші орта салмақтағы IBF және WBA тұжырымдары бойынша чемпиондық атақтарынан айырылып қалды. Росарио кездесу бастала салысымен жойқын соққыларымен көзге түсті. Бесінші раунда Росарио қарсыласын нокдаунға жіберді. Сол сәтте төреші жекпе-жекті аяқтауды дұрыс көрді. Уильямс төреші шешіміне ешқандай қарсылық білдірмеді. Тек қана қарсыласынан реванш алатынын айтты.