Юрген Клопп шәкірттері ағылшын премьер лигасының 22 турында лондондық «Тоттенхэмды» 1:0 есебімен жеңіп, жаңа рекорд орнатты.

«Ливерпуль» соңғы 38 кездесуінде 104 ұпай жинаған. Бұл жаңа рекорд болып табылады. Бұрынырақ дәл осында матчта «Челси» және «Манчестер Сити» 102 ұпай жинаған болатын. Мерсисайдтықтар 2019 жылдың 3 қаңтарынан бері ел біріншілігінде жеңіліс дәмін білмей келеді.