Ағылшын премьер лигасының кезекті турында «Ливерпуль» футбол клубы сырт алаңда «Тоттенхэм» командасын 0:1 есебімен жеңді.

Матчтағы жалғыз голды мерсисайдтықтардың шабуылшысы Роберто Фирмино өз есебіне жазды. Юрген Клопп шәкірттері биылғы маусымда бірде-бір рет жеңілістің дәмін татып көрген жоқ. Қазіргі кезде олар 12 матчқа жалғасқан жеңіс сериясымен келеді.