«Барселона» президенті Хосеп Бартомеу клубтың бас бапкері Эрнесто Вальвердені қызметтен қууға асықпайды. COPE басылымының Хелена Кондистің айтуынша, оған клубтың «Атлетикоға» қарсы ойыны ұнаған.

Ал журналист Джоан Мария Поудың сөзіне сенсек, 13 қаңтар күні директорлар кеңесінде Вальверденің тағдыры шешіледі-мыс. Клуб директоры Гильермо Амор бас бапкерке қатысты тараған сыбысқа: «Бізге бұл ұзақ маусымды жалғастыру керек. Басқа бапкер алу туралы ойлаған жоқпыз» – деп жауап берді.

Айта кетейік, «Барселона» Испания суперкубогының жартылай финалында 2:3 есебімен мадридтік «Атлетикодан» ұтылды. 55 жастағы испандық маман клубты 2017 жылдың шілде айынан бері жаттықтырып келеді.