Италия А сериясының матчында миландық «Интер» футбол клубы «Аталантаны» қабылдап, 1:1 есебімен тең тарқасты. Кездесудің төртінші минутында Лаутаро Мартинес есеп ашып, алаң иелерін есепте алға шығарды. Қонақтар 75-ші минутта гол соғып таразы басын теңестірді. Ойнның 88-ші минутында қонақтарда жеңісті жұлып кететін мүмкінді болды. Бірақ Луис Муриэль 11 метрлік айып добын соға алмады.