Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы Ресейде өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Айдос Ербосынұлы венесуэлалық Омар Гарсияны сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Сontinental белбеулерін қорғап қалды.

Айта кетейік, отандасымыз кәсіпқой бокста өткізген 13 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті.