The Ring журналы өзінің жыл сайынғы марапатына үміткерлердің есімдерін жария етті, деп жазады Prosports.kz.

Тізімде екі қазақстандық бар. Олардың бірі Садриддин Ахмедов «Жылдың ең үздік жас боксшысы» атағына үміткер болып отыр. Биылғы жылы Ахмедов 5 жекпе-жек өткізіп, оның 4-ін нокаутпен жеңген.

Сондай-ақ қазақстандық Геннадий Головкин «Жыл жекпе-жегі» атағына үміткер саналады. Еске сала кетелік, Головкин қазан айында украиналық Сергей Деревянченконы ұпай санымен жеңген болатын.