Бүгін Ресейдің Красноярск қаласында қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының қатысуымен бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Ербосынұлы венесуэлалық Омар Гарсиямен жекпе-жекте WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental титулдарын қорғайды. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Қос боксшы де салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 0,3 келі ауыр тартты. Оның салмағы - 76,1, ал қарсыласы -75,8 келі.

Ал бұл кештің басты жекпе-жегінде Денис Лебедев пен Табисо Мчуну жұдырықтасады.

Бокс кешінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Жекпе-жектерді Матч боец арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал қайталауын «Хабар» арнасы 23:30-да көрсетеді.