Еуропадағы ең үздік жас ойыншыға берілетін Golden Boy жүлдесін биыл «Атлетико» шабуылшысы Жоау Фелиш алды, деп жазады Prosports.kz.

Португалиялық шабуылшы сарапшылары мен журналистер тарапынан 332 дауыс жинап, жеңіске жетті. Ал «Дортмунд» ойыншысы Джейдон Санчо (175) мен «Байер» футболшысы Кай Хаверц (75) екінші, үшінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, «Атлетико» Фелишті өткен жазда «Бенфикадан» 126 миллион еуроға сатып алған болатын.