Швециялық «Ха́ммарбю» футбол клубы әйгілі шабуылшы Златан Ибрагимович клубтың тең қожайыны болғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресми ақпаратта жазылуынша, қазіргі таңда Ибрагимович клубтың 50% акциясына иелік етіп отыр.

Айта кетейік, «Ха́ммарбю» 1889 жылы құрылған. 2001 жылы Швеция чемпионы атанды.