Бундестимнің техникалық демеушісі кешірім сұрады.

Германия құрамының жаңа формасындағы кейбір ойыншылардың есімдерін жазу кезіндеқателіктер жіберілді. Bild порталының мәліметін сенсек, Йонас Хектордың атын Hector деп жазудың орнына Hecktor деп жазып қойды, Лука Вальдшмидтің жейдесінде Waldschmidt деген жазудың орнына Waltschmidt деп тұр.

Adidas өкілі Оливер Бругген Германия құрамасынан да, жеке ойыншылардан да кешірім сұрады, бұдан былай мұндай қателіктер болмайды деп сендірді.