«Арсеналдың» бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер FIFA-да қызметке орналасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол футболды дамыту бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Бүкіл әлемде футболдың өсуіне және алға жылжуына жауап береді.

Сонымен қатар, Венгер жетекші техникалық маман кызметін де атқарады және ойын ережелеріне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдауға қатысады.

Ол 1966 жылдан бастап ФИФА турнирлерін техникалық талдаумен айналысатын Техникалық комитеттің төрағасы міндетін де қатар алып жүреді.