Хорват футболшысы «Барселонадан» кеткісі келеді.

«Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Иван Ракитич футболсыз өзін бақытсыз сезінетінін айтты:

«Мені футбол ойнайтын мүмкіндіктен айырды, бұл өте өкінішті. Мен тек футбол арқылы ғана өзімді бақытты сезіне аламын».

Еске салайық, «Ювентус», «Манчестер Юнайтед» және «Интер» клубтары Ракитичті сатып алғысы келеді.