Бірінші орта салмақта WBC нұсқасы бойынша «жастар» арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Боксшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялады.

Айта кетейік, Ахмедов келесі кездесуін 7 желтоқсанда Монреалда (Канада) аргентиналық Хосе Антонио Виллалобосқа (12-5-2, 7 КО) қарсы өткізеді.