Қазақстандық боксшылар Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) мен Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) келесі жекпе-жектеріне дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшылары желтоқсан айында жұдырықтасуы мүмкін.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы Сиднейде жергілікті боксшы Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіріп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз үш бірдей белбеуін (WBO — WBO Global, WBA International және WBC Asia Continental) қорғап қалды.Ал Нұрсұлтан Стив Гагомен өткен жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental, IBF Pan Pacific белдіктерінің басын бір жерге қосты.