Монреальда (Канада) шорт-тректен әлем кубогының кезекті кезеңі өтті. Қазақстандық шорттрекші Абзал Әжғалиев бұл жолы да бабында екенін көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Ерлер арасында 1000 метрлік қашықтықта Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжғалиев ширек финалға жолдама алды. Ол өзінің жүгірісі кезегінде 1:28.631 көрсеткішімен мәреге бірінші болып келді.

Еске сала кетелік, 4 қараша күні АҚШ-тың Солт-Лейк-Ситиінде өткен ерлер арасындағы 500 метрлік қашықтықта бақ сынаған Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжғалиев қашықтықты 39,881 секундта жүгіріп өткен болатын. Ол финалдық сырғанауда Олимпиада чемпионы, қытайлық У Дацзин мен венгриялық Шандор Шаолинь Люге жол берді.