«Астана» шабуылшысы Сергей Хижниченко УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы «АЗ Алкмаарға» қарсы кездесу алдында журналистердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Біз Нидерландтағы ойын нәтижесі әділетсіз екендігін дәлелдегіміз келеді. Өткен ойын біздің сенімімізге селкеу түсіргені анық. Сондықтан, ертеңгі кездесуге эмоциялық тұрғыда мықтап дайындалып, өзімізге тән футбол үлгісін көрсеткіміз келеді. - Сіз 2013 жылы дәл осы стадионда «АЗ Алкмаарға» қарсы ойнаған едіңіз. Сол кездегі команданы қазіргі ұжыммен салыстыра аласыз ба? - Бұл жерде тек ол команданың да «АЗ Алкмаар» болғанын тілге тиек етуге болады. Ал команда құрамындағы өзгерістер туралы нақты ештеңе айта алмаймын. - 6:0 есебінен кейін, қандай қорытынды шығардыңыздар?- Дәл ол күні біздің жолымыз болған жоқ. Барлығын тығыз ойын кестесіне әкеліп тіреген дұрыс емес. Ең бастысы енді ондай нәтижеге жол бермеуге тиіспіз. - Чемпиондыққа қол жеткізгендеріңіз, ертеңгі ойынға жүктелген міндетті орындауға өз септігін тигізуі мүмкін бе?- Ең бастысы, біз, ертең барлық күшімізді жинап, алаңда барымызды салуымыз қажет. - Сіз соңғы уақытта негізгі құрамнан жиі орын алып, гол соғып жүрсіз. Осы жағдайларды ескеретін болсақ, дәл қазір өз бабыңызды таптым дей аласыз ба?

- Әрине, мен де солай ойлаймын. Мен ешқашан өзіме сенімсіз болған емеспін. Егер маған бапкер сенім артса, жасыл алаңда барымды салуға дайынмын. - Қазақстан Премьер-Лигасындағы жеңістеріңізді қалай атап өттіңіздер?

- Әзірге оған біздің уақытымыз да болған жоқ. Барлық тойлауды кейінге шегеріп қойдық.

Фото: Kazfootball.kz.