19-25 қараша күндері Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтеді.

Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким аталған турнирге қатысатын спортшылар тізімін атады. Германия төрінде Аким Мусаев, Милад Карими және Нариман Курбанов сынға түседі.

Карими мен Мусаев көпсайыста бақ сынаса, Курбанов гимнастикалық ат снарядында өнер көрсетеді.

Айта кетелік, Германияның Штутгарт қаласында аяқталған әлем чемпионатынан кейін қазақстандық гимнастар ірі жарысқа алғаш рет қатысқалы отыр.

Әзірге, Олимпиада ойындарының жолдамасы Милад Каримиде бар. Ал қалған спортшылар әлем кубогінің төрт кезеңінде үздіктер қатарынан көрінуге тырысады.