«Мерседес» пилоты Льюис Хэмилтон Formula One автобәйгесінің аяқталуына екі кезең қалғанда чемпиондық атақты жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.

Британиялық автошабандоз аталмыш турнирдің 6 дүркін жеңімпазы атанды. Хэмилтон алғашқы чемпиондығын «Макларен» сапында жеңген болатын, ал соңғы бес титулды «Мерседеспен» жүріп ұтты.

34 жастағы спортшының неміс командасымен келісімшарты 2020 жылы аяқталады. Келесі жылы жетінші рет чемпион атанса, алынбайтын асудай көрінген Шумахердің жетістігін қуып жетуге мүмкіндік туып тұр.

Әлем чемпиондары:

  1. Михаэль Шумахер - 7 рет
  2. Льюис Хэмилтон - 6
  3. Хуан Мануэль Фанхио - 5
  4. Себастьян Феттель - 4
  5. Ален Прост - 4