Қытайдың Гуанчжоу қаласында спорттық құзға өрмелеуден China Open турнирі өтіп жатыр. Аталмыш сынға Қазақстан сапынан Ришат Хайбуллин қатысып жатыр деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Көпсайыстан іріктеу турнирінде Ришат 56 ұпаймен үшінші орыннан көрінді. Ол Канада және Жапония спортшыларын алға жіберген. Финалдық кезең 2 қарашаға жоспарланған.

Айта кетелік, Ришат Хайбуллин биылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.