1-3 қараша күндері Эстонияның Таллин қаласында семсерлесуден әлем кубогі өтеді. Әйелдер арасындағы шпагадан өтетін сайысқа Қазақстан құрамасынан Ульяна Балаганская қатысады.

Биыл 50-ші рет ұйымдастырылатын жарысқа қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Әлемнің 50 елінен 284 спортшысы семсерлеседі деп жоспарланған.

«Таллин қылышы» атағын алған турнир Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңдерінің бірі болып саналады.

1-2 қараша күндері жекелей сайыстар өтсе, 3 қарашада командалық сайыстың үздіктері анықталады.