Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап ұлының америкалық Тони Фергюсонмен айқас өткізгенін қалайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты RT порталына сілтеме жасап.

«Тони — жеңіл салмақта UFC сапындағы ең үздік 10 балуанның бірі. Ұлым Тони секілді мықты спортшылармен төбелескенін қалаймын.

Келесі жекпе-жекте Хабиб Фергюсонмен Санкт-Петерборда немесе Мәскеуде сынға түссе деймін. Стадионға 42 мыңнан аса жиналуын тілеп отырмыз. Осы кездесуді ұйымдастыру үшін барымызды салып бағамыз», — деді Абдулманап.

Хабиб: Менімен Конор емес, Тони жекпе-жек өткізуге лайықты

Нурмагомедов пен Фергюсон неге кездесе алмай жүр?