Қазақстандық файтер Қуат Хамитов өзінің келесі жекпе-жегін өткізетін күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Найман (20-6) 14 желтоқсан күні Сочиде өтетін GFC 22 турнирінде өнер көрсетеді. Қазақстандық спортшының қарсыласы ресейлік Руслан Тедеев болады (12-2). Хамитов алғаш рет GFC ұйымының қол астында бақ сынайды.

Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегінде төрешілер шешімімен Нариман Аббасовтан ұтылған еді.