Қазақстандық жас еркін күрес шебері Жапония өкілінен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп жүрген Дәулет Тәжібай жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері атана алмады. Үздік үштіктен көріну үшін жапониялық Рютаро Хайямадан ұтылып қалған жерлесіміз қола жүлдеден қағылды.