Ресейдегі үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсара Сайтиевтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирде Қазақстан жасөспірімдері табыспен оралды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК-тың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар алты медальға ие болды, оның екеуі алтын жүлделер екенін айта кету керек. Егор Анчугин (57 келі) мен Мүслім Жақсылық (75 келі) турнир жеңімпаздары атанды. Ал Әди Серікұлы (41 келі), Серік Нұрасыл (57 келі), Асхаб Хаджиев (57 келі) және Әлихан Құсайынов (85 келі) қола жүлделерге ие болды.