Нұрғожа Қайпанов Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан бүкіләлемдік әскерилер ойынында күміс медаль жеңіп алды.

Нұрғожа еркін күрестен 70 келі салмақта финалға шыққанымен, ресейлік әлем чемпионы Хетиг Цаболовтан жеңілді.

Айта кетейік, Қайпанов жақында елімізде өткен әлем чемпионатында да күміс медель алған еді.