Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша еркін күрестен Қазақстан құрамасы командалық есепте тұңғыш рет жүлделі екiншi орынды иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлерi 57, 65, 74, 97 келiде Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Сонымен қатар, спортшыларымыз қоржынға екі күміс, бір қола медаль әкелді. Олар:Нұрислам Санаев (57 келі – қола), қызылордалық Дәулет Ниязбеков (65 келі – күміс) және петропавлдық Нұрқожа Қайпанов (70 келі – күміс).

#WrestleNurSultan FS team ranking01 RUSSIA 19002 KAZAKHSTAN 10303 UNITED STATES 9404 IRAN 9305 GEORGIA 8506 INDIA 7907 AZERBAIJAN 5008 UZBEKISTAN 49