Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес шебері Әділет Дәулембаев жеңіліске ұшырады.

86 келіде сынға түскен Әділет алғашқы жұбаныш белдесуінде Тәжікстан балуанын жеңген еді. Өкінішке қарай, колумбиялық спортшыға қарсы өткен екінші белдесуде 13:19 есебімен ұтылды.

Осылайша, Әділет Дәулембаев қола медальға таласу құқығынан айырылып, әлем чемпионатын жетінші орынмен аяқтады.