Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев Алматыда өткен жекпе-жегінде әзірбайжандық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші ауыр салмақта өткен жекпе-жекте Еділ Қожамбердиев қарсыласы Казим Умудовты екі мәрте нокдаунға жіберіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық боксшы IBA Asia чемпиондық белбеуін иемденді.

Еділ Қожамбердиев мансабында 9 жекпе-жек өткізіп, бәрінде қарсыласын уақытынан бұрын жеңген.