Еділ Қожамбердиев қарсыласын нокаутқа түсірді. Видео
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев Алматыда өткен жекпе-жегінде әзірбайжандық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бірінші ауыр салмақта өткен жекпе-жекте Еділ Қожамбердиев қарсыласы Казим Умудовты екі мәрте нокдаунға жіберіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық боксшы IBA Asia чемпиондық белбеуін иемденді.
Еділ Қожамбердиев мансабында 9 жекпе-жек өткізіп, бәрінде қарсыласын уақытынан бұрын жеңген.