Қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла кәсіпқой рингтегі 15-ші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Елшат Нығметолла Алматыда өткен бокс кешінде филиппиндік қарсыласы Ардин Диалені (35-14-4, 17 КО) төрешілердің шешімімен ұтты.

Осылайша қазақстандық боксшы мансабындағы он бесінші жеңісіне жетті.