Ресейдің Улан-Удэ қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Фариза Шолтай қытайлық Лина Ваннан 4:1 есебімен жеңіліп, жартылай финалдан тыс қалды.

Айта кетейік, бүгін шаршы алаңға шыққан Милана Сафронова мен Дина Исламбекованың 1/2 финалға шыққан. Ал Дина Жоламан жарысты ширек финалдан аяқтады.