Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір боксшымыз жарысты аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

54 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсететін Дина Жоламан ширек финалда америкалық Мики Крепстен 4:1 есебімен жеңіліп, жартылай финалға өте алмады.

Бұған дейін бүгін шаршы алаңға шыққан Милана Сафронова мен Дина Исламбекованың 1/2 финалға өткенін жазған едік.