Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санатында әлемдегі үздік боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұрынғы тізіммен салыстырғанда қазақстандық бірқатар боксшылардың рейтингтегі орындарында аздаған өзгерістер бар.

Айта кетерлігі, бұл рейтингі Геннадий Головкин - Сергей Деревянченко жекпе-жегі өткен 6 қазанда жарияланды. Аталған кездесуде жеңіске жеткен отандасымыз осы ұйымның (IBF) орта салмақтағы чемпиондық атағын иеленген болатын.

Жаңа рейтингте Головкиннің салмағындағы Мейірім Нұрсұлтанов әлі де болса 10-шы орында тұр.

Ал жартылай орта салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Жаңабаев 13-ші сатыдан 11-ші сатыға көтерілді.

Тағы бір отандасымыз Батыр Жүкембаев 11-ші орынға жайғасты. Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегінде мексикалық Мигель Васкесті төрешілердің шешімімен жеңді