Ресейлік боксшы Александор Устинов украиналық Александр Усикпен жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Айта кетейік, Александр Усик 12 қазанда голландиялық боксшы Тайрон Спонгмен жұдырықтасуы керек болған. Алайда Нидерланды боксшысы допингпен ұсталды.

«Бізге Усикпен жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс келіп түсті. Қазір келіссөздер жүріп жатыр», — деді ресейлік боксшының промоутері Владимир Хрюнов.

Усик кәсіпқой рингте 16 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында да жеңіске жеткен.