Ауыр салмақта жұдырықтасатын британиялық боксшы Тайсон Фьюри World Wrestling Entertainment ұйымдастырған SmackDown реслинг-шоуына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Фьюри аталмыш шоуда Брон Строумэнмен көз арбасты. Көз арбасудың арты төбелеске ұласты.

«Иттің баласы» деп Фьюриге тіл тигізген Строумэн британиялық боксшымен октагонда жолыққысы келетінін жеткізді.