16 қазан күні Болгария астанасы Софияда таеквондодан G4 санатындағы Гран-при турниріне басталады.

Аталған лицензиялық турнирге Қазақстан атынан төрт спортшы қатысады. Олар – Нұрлан Мырзабаев, Смайыл Дүйсебай, Руслан Жапаров, Жансель Дениз.

Турнир 20 қазан күні мәресіне жетеді.

Айта кетелік, таеквондодан Қазақстан командасы бұл күндері Ұлыбританияның Манчестер қаласында бірлескен жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.