3-7 қазан күндері Испанияның Валядолид қаласында батутты гимнастикадан лицензиялық әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Аталған лицензиялық әлем кубогында 93 спортшы, соның ішінде Қазақстаннан 4 спортшы бар. Қазақстан спортшылары арасынан үздік көрсеткішке Данил Мұсабаев қол жеткізді. Ол 107,150 ұпайымен 35-ші орынға жайғасты.

Игорь Грачёв 42-ші, Пирмаммад Алиев 66-шы, Данияр Түсіпов 85-ші орынға тұрақтады.