Бүгін Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

12 раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына шешілді. Головкин төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері IBF және IBO тұжырымдарының белдігін қайтарып алды.

Compubox назарларыңызға Головкин - Деревянченко жекпе-жегінің статистикалық мәліметтерін ұсынады.

Жалпы есепте украиналық 738 (дәл - 230, тию проценті- 31,2), ал Геннадий 720, оның ішінде 243 дәл соққы жасаған (33,8%).