Талантты қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Геннадий Головкин лайықты жеңіске жетті деп санайды.

«Керемет жекпе-жек өтті. Не болса да, жеңіс - біз жақта. Сөзсіз, Деревянченко да тамаша жұдырықтаса алды. Мұны мойындау керек», - деді Жүкембаев Prosports.kz порталына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Головкин Нью-Йоркте Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңді.