Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Токио Олимпиадасына жолдама алған Мейрамбек Айнағұлов пен Нұрислам Санаевты қабылдады.

Кездесуге облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов және грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген бапкерлер Рақымжан Бақытжанов пен Бауыржан Нұрмаханов, «Ер бақыт» әскери-патриоттық клубының төрағасы, ауған соғысының ардагері Марат Қойлыбаев қатысты.