Олимпиадаға жолдама алған ақтөбелік спортшыларға 1 млн теңгеден берілді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Токио Олимпиадасына жолдама алған Мейрамбек Айнағұлов пен Нұрислам Санаевты қабылдады.
Кездесуге облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов және грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген бапкерлер Рақымжан Бақытжанов пен Бауыржан Нұрмаханов, «Ер бақыт» әскери-патриоттық клубының төрағасы, ауған соғысының ардагері Марат Қойлыбаев қатысты.