Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Әшкеев 10 қараша күні таңертең Гавайан Гарденсте (Калифорния, АҚШ) өтетін бокс кешінде америкалық боксшы Клеотис Пендарвиспен жұдырықтасады.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, 10 раундтық жекпе-жекте WBC (USNBC) нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы титулы сарапқа салынады.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде украиналық Игорь Фаниянды төрешілердің шешімімен жеңген болатын.