Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына арналған жербе тарту рәсімі 30 қыркүйекте Ньон қаласында өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Жеребе тарту рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен 18:30-да басталады. Рәсімді УЕФА-ның ресми сайтыннан тікелей эфирде көруге болады.

1/8 финалдық кезеңнің матчтары 16/17 және 30/31 қазан күндері өтеді.

Айта кетейік, шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар лигасының 1/16 финалында бельгиялық «Андерлехтті» 3:1 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өткен болатын.

Чемпиондар лигасына еліміз атынан екі команда қатысады