«Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Марин Томасов клуб тарихындағы үздік сұрмергендердің «үштігіне» кіріп отыр, деп жазады Prosports.kz.

Хорватиялық жартылай қорғаушы «Атырауға» соққан қос голының арқасында Джуниор Кабананганы басып озып, мергендер тізімінің үшінші орнына жайғасты. Томасовтың еншісінде 43 гол бар.

Біріншіорында 69 гол соққан клубтың бұрынғы ойыншысы Патрик Твумаси тұрса, Таңат Нөсербаев 54 голмен екінші орында. Екі футболшының да клубтан кеткенін ескерсек, Томасовтың тарихты жаңартатын мүмкіндігі бар.