Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан боксшыларымыздың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алты боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады.

1/2 финалда өнер көрсететін қазақстандық боксшылардың қарсыластары:

52 келі. Сәкен Бибосынов — Амит Пангхал (Үндістан)69 келі. Абылайхан Жүсіпов — Андрей Замковой (Ресей)75 келі. Тұрсынбай Құлахмет — Эумир Марсиаль (Филиппин)81 келі. Бекзат Нұрдәулетов — Хулио Ла Крус (Куба)91 келі. Василий Левит — Хулио Кастильо (Эквадор)+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев — Джустис Хуни (Австралия)

Жартылай финалдық кездесулер 20 қыркүйек басталады. Күндізгі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 17.00-де басталса кешкі сессия – 20.00-де. Ал 21 қыркүйек күні финалдық бәсекелер 17.00-20.30 аралығында өтеді.