Бокстан ӘЧ: 1/2 финалдық кездесуде кімдер бақ сынайды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызРесейдің Екатеринбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан боксшыларымыздың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Алты боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады.
1/2 финалда өнер көрсететін қазақстандық боксшылардың қарсыластары:
52 келі. Сәкен Бибосынов — Амит Пангхал (Үндістан)
69 келі. Абылайхан Жүсіпов — Андрей Замковой (Ресей)
75 келі. Тұрсынбай Құлахмет — Эумир Марсиаль (Филиппин)
81 келі. Бекзат Нұрдәулетов — Хулио Ла Крус (Куба)
91 келі. Василий Левит — Хулио Кастильо (Эквадор)
+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев — Джустис Хуни (Австралия)
Жартылай финалдық кездесулер 20 қыркүйек басталады. Күндізгі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 17.00-де басталса кешкі сессия – 20.00-де. Ал 21 қыркүйек күні финалдық бәсекелер 17.00-20.30 аралығында өтеді.