Бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев германиялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қоңқабаев Нелви Тиафакты 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті.

Екатеринбургтегі әлем чемпионатында бүгінгі жарыс күнінде шаршы алаңға шыққан жеті боксышымыздың алтауы 1/2 финалда бақ сынайды. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) және Василий Левит (91 келі).

Тек, Қайрат Ералиев қана ширек финалдан ары аса алмады.