Екатеринбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов 69 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшымыз ширек финалда Доминакан Республикасынан келген Роан Поланконы 5:0 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы жаһан біріншілігінде Жүсіпов қола иелеген еді.